Менің блогыма қош келдіңіздер!

Блогтың негізгі мақсаты – Сіздермен тікелей байланыс орнату, уақтылы көмек көрсету, сонымен қатар қажетті ақпаратпен қатамасыз ету болып табылады.
Прокуратура өз қызметін атқару барысында қоғамға етене жақын болып, әрбір адамның бұзылған құқығын қорғау үшін туындап отырған мәселелерден хабардар болып отыруы тиіс.
Бұл прокуратура органдарының негізгі міндеті болып табылады.

Осы блогтың ашылуы біздің бірлесе қимылдауымызға тосқауыл болып отырған кейбір кедергілерді жойып, Сіздерге заңмен бекітілген құқықтырыңыз бен кепілдіктеріңізді толықтай жүзеге асыруға көмек береді деп ойлаймын.

    Қазақстан Республикасының
    Бас Прокуроры
    Қ. Мәми



Syndicate content

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Мәми Қайрат Әбдіразақұлы

1954 жылдың 9 мамырында Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1995 жылы заң ғылымдарының кандидаты болды. 2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдылық пен сот билігі: негізгі тенденциялар мен басымдықтар» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Профессор (2005 жыл).

Еңбек жолын тәлімгер ретінде бастап, Гурьев облыстық сотының судьясы, төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мүшесі, Алматы қалалық сотының төрағасы, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі, Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.