Құрметті блогты пайдаланушы!
Менің дербес блогыма қош келдіңіз!
Осы интернет ресурсы алдымен Сіздермен өзекті мәселелер бойынша мазмұнды диалог орнатуға бағытталған.
Болып жатқан қоғамдық процестердің қарқындылығы кешеуілдету мен әрекетсіздікті кешірмейді. Сондықтан біз дер кезінде хабар алып отырсақ, оларға жедел мән берген болар едік.
Осындай өзара іс-қимыл бұзылған құқықтарды тиімді қорғауға және оларды жылдам қалпына келтіруге ықпал етеді деп ойлаймын.
Сондай-ақ біздің қызметімізді жетілдіру, жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі ұсыныстар мен кеңестерге де ризашылығымды білдіремін. Біз оларды міндетті түрде зерделеп, өз жұмысымызда пайдаланатын боламыз.
Құрметпен,
Асхат Дауылбаев