Кұрметті Алмаз Әбубәкірұлы!
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 144 - бабының 1 тар-мағының 3 - тармақшасына және 4 тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметі: мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заң-намасын сақтауын тексеруді, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ат-қарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюдже-тінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органда, сондай-ақ оларға ведом-стволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзе-ге асырады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығымен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау бөлімі туралы» Ереженің 7 - тармағының 4, 6, 7 - тармақшаларына сәйкес, ішкі бақылау бөлімнің негізгі міндеттері мем-лекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңна-масын сақтауын тексеру, мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің растығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру және Қазақ-стан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық (нысаналы транс-ферттер) және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзу-шылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі бақы-лау бөлімі мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруге және облыстық бюджеттен қаржы-ландырылатын атқарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органда, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 31 - бабының 1 – тар-мағына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарлама- ларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады.
Осылайша, нысаналы трансферттердің мақсатты жұмсалуын тексеруді бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын органның ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады.
