Ғасырлардан сыр шертетін ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы біздің ата-бабаларымыз үшін әрдайым ең айтулы күн болса, бүгінде көктем мен жасампаздықтың белгісі ретінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген мерекеге айналып отыр.
Егемен мемлекетіміз өз бетінше алғашқы қадамдарын жасаған тұста, табиғаттың қайта түлеп, жаңа түрге енуін, рухани тазаруды, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін керемет көктемнің күндерін мазмұнға толтырған Наурыз мерекесі біздің өмірімізге қайта оралды. Біздер бай және ежелгі мәдениеттің құндылықтары мен дәстүрлеріне өзіміздің қатысты екенімізді сезінеміз, түбірімізге, өткен тарихымызға терең бойлаймыз.
Жас мемлекетіміздің одан әрі қалыптасуы, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы, ертеңгі күнге деген сенімділік біздің ортақ күш-жігерімізге және жасампаздыққа ұмтылуымызға байланысты. Біздің басты мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктерімізді одан әрі молайту, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың арасындағы достық пен өзара түсіністікті, бірлікті нығайту.
Автор жазбалары
Сіздерді шуақты көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мереке тамаша көңіл-күйге, айрықша жылылық пен мейірімге толы. Табиғатынан даналыққа, мейірімділік пен әділдікке жаны жақын әйел әрқашан отбасының ұйытқысы болып келген және солай болып қала бермек.
Өмірдегі сенімді серігіміз, ардақты аналарымыз бен әпке-қарындастарымызға, Әйел-анаға және Әйел-еңбеккерлерге шексіз алғысымызды білдереміз.
Қазіргі таңда әйелдер өздеріне тән асқан жауапкершілікпен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді рөл атқарып, қомақты табыстарға қол жеткізіп келеді.
Олардың арасында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету міндетін абыроймен атқарып жүрген әйел-прокурорлар – өз істерінің жоғары кәсіби шеберлері де аз емес.
Заң саласындағы көп жылғы еңбектері мен мінсіз қызметтері үшін ардагер әйелдерге айтар алғысымыз ерекше.
Осындай айтулы мереке күні барша әйелдерге мықты денсаулық, зор бақыт, толайым табыс тілеймін. Жақындарыңыздың жан жылуы мен қамқорлығы өмірлеріңізді шуаққа бөлей берсін!
Қазақстан Конституциясы - еліміздің бет - бейнесі әрі саяси - құқықтық басты құжаты. Онда мемлекетіміздің негізгі құқықтық нормалары мен институттары айқындалған, қоғамның өмір сүруіне қажетті құқықтық базасы жасалған.
Қазақстанның мемлекеттік - құқықтық құрылысының біз жүріп өткен кезеңдері еліміздің Негізгі Заңының дұрыс жұмыс істеп келе жатқандығын білдіреді. Сондықтан, ол саяси, экономикалық және әлеуметтік өркендеудің сенімді іргетасы болып отыр.
Қазақстанның қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қол жеткізген жетістіктері егемен елдің қалыптасу барысында кездескен қиындықтарды жеңе білуге, ең бастысы, оның халықаралық - құқықтық тұрғысын анағұрлым нығайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, біздің мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы биік беделінің жарқын бір көрінісі Мемлекет Басшысының сыртқы саяси бастамаларын тиімді түрде жүзеге асыру, еліміздің, сондай-ақ, ЕҚЫҰ - ға төрағалық ету беделі болды.
.
