Күлшай
Құрметті Қайрат Мамин мырза! Сізден көмек сұрап отырған Қызылорда облысы Арал қаласындағы 10 үйдің атынан 2 группалы инвалид Тәуекелова Күлшай. Арал қаласынынң АХАЖ бөлімінің бастығы Ж.Махамбетова 10 үйдің құжаттарын алдап алып пайызсыз көлемде несие беремін деген уәдесіне сеніп қазіргі таңда құжатсыз қалған жағдайымыз бар. Бұл мәселені шешу үшін ҚР бас прокуратурасына жазған болатынбыз. Келген жауап Арал қаласының прокуратурасына жіберілген екен бірақ шешімсіз. Қаржы полициясы да Арал аудандық соты да Арал ауданының маслихаты да жауапсыз қалдырып отыр. Сізден өтініп сұрайтынымыз Қызылорда облысына, Арал қаласына жібермей жоғары жақтан тексеруңізді сұраймыз.
19.03.2010
Сіздің шағымыңыз қаралды.
Жоғарыдағыдай мазмұндағы арыздар Арал аудан прокуратурасына «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы арқылы 09.12.2009 жылы, аудандық мәслихат арқылы 26.12.2009 жылы түсіп, сол күндері тергеу реттілігіне байланысты Ж.Көбекбаев пен Ж.Маханбетовалардың әрекеттерінде алаяқтық қылмысы бар-жоқтығын анықтап, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін Арал аудандық қаржы полициясы бөліміне жолданған.
Арызға байланысты Арал аудандық қаржы полициясы бөлімімен тексеру әрекеттері жүргізіліп, 11.02.2010 жылы «Ару» ЖШС-нің директоры Ж.Көбекбаевтың және оның әйелі Ж.Маханбетованың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 37-ші бабының 1-ші бөлігінің 2-ші тармағының негізімен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде қаулы қабылданған.
Қабылданған шешімнің заңдылығы облыстық прокуратурамен зерделеніп, оның күші жойылып, құжаттар қосымша тексеру жүргізу үшін Арал ауданы бойынша қаржы полиция бөліміне кері жолданды.
Сонымен қатар, Сіз Арал аудандық сотына 01.03.2010 жылы жауапкер «Ару» ЖШС-нің директоры Ж.Көбекбаевтан 567 759 тенге өндіру жөнінде талап арыз жазып, талап арыз аудандық сотының судьясының 01.03.2010 жылғы ұйғарымымен қозғалыссыз қалдырылып, Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 150-ші бабының 2-ші бөлігінің 5-ші тармағына сәйкес, арызда талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайларды, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді көрсетуге тиіс болғандықтан, кемшілікті жою үшін 10.03.2010 жылға дейін мерзім белгілеген.
Алайда, Сіз ұйғарымда көрсетілген кемшіліктерді түзетпегенсіз. Сондықтан, соттың 10.03.2010 жылғы ұйғарымымен, Сізге талап арызыңыз тіркелген құжаттарымен қоса қайтарылып, жол берілген кемшіліктер жойылса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейтінін хабарлаймын.
